Сомали мерекесі Анкарада тойланды

Орман және су істері министрі Вейсел Ероғлұ Сомалиге мән бергендерін айтты.

108975
Сомали мерекесі Анкарада тойланды

Сомалидің Ұлттық мерекесі Анкарада тойланды.
Сомалидің тәуелсіздігінің 54-ші жылдығын құттықтау іс-шаралары Орман және су істері министрі Вейсел Ероғлұ, Бас штаб төрағасының орынбасары генерал Яшар Гүлер және Сомали Ішкі істер министрі Мұхаммед Муаллим Яхияның қатысуымен ұйымдастырылды.
Екі елдің ұлттық әнұрандары айтылған құттықтау кешінде сахнаға шыққан министрі Вейсел Ероғлұ Түркия мен Сомали арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын дәріптеді.
Түркия ретінде Сомалиге ерекше мән беретіндерін білдірген Ероғлұ Түркияның осы елде өкілетті елшілік ашқан аз елдің бірі екенін айтты.
Вейсел Ероғлұ сонымен бірге әрі ТИКА, әрі Кызылай арқылы Сомалиге түрліше қолдауды бергенін атап көрсетті.
Құттықтау кеші Сомали Ұлттық мерекесіне арналып дайындалған туртаның кесілуімен аяқталды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар