Еуродақ – Украина, Молдавия, Грузиямен әріптестік келісім жасады

Ресей әріптестік келісіміне наразылық танытып отыр

109421
Еуродақ – Украина, Молдавия, Грузиямен әріптестік келісім жасады

Еуроодақ бүгін Украина, Молдавия және Грузиямен әріптестік келісім-шартына қол қойды.
Кеңес Одағының бұрынғы 3 республикасы Ресейдің наразылығына қарамастан Еуроодақпен экономикалық әріптестік келісім шартын жасасты.
Қол қою мересімі үшін Брюссельге келген Украина президенті Петр Порошенко келісім-шартты «Ресейден тәуелсіздігімізді алғаннан кейін жасалған ең маңызды оқиға» деп бағаландырды.
Украинаның Еуроодақ пен НАТО мүшелігіне қарсы шыққан Ресей әріптестік келісім шартына қол қойылатын болса экономикалық санкциялар жасайтынын айтып, қоқан-лоқы көрсеткен болатын.
Ресей қолданыстағы еркін сауда келісім шартын бұзатынын және Украина тауарларына кеден салығы салатындарын мәлімдеді.
Ал Украина армиясы мен Ресейшіл сепаратистер жариялаған оқ атуды доғару мерзімі бүгін аяқталды.
Халық айлар бойы жалғасып жатқан қақтығыстардан қашуда.
Украина-Ресей шекарасында ұзын көлік кезектері пайда болды.
Ресейшіл сепаратистер қамауға алған 4 Еуропа Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық комитетінің бақылаушысы туралы жақсы хабарлар келді.
Ішінде түрік дипломат Мехмет Кылыч та бар бақылаушылар еркіндікке жіберілді.
Сепаристердің қолында әлі 4 бақылаушы бар.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар