Германиядағы түріктер президент сайлауына әзірленуде

1 миллион 900 мың адамның дауыс беруі күтіліп отыр

108848
Германиядағы түріктер президент сайлауына әзірленуде

Германияда тұратын түрік азаматтары алдымыздағы айдың аяғында президент сайлауы үшін дауыс беретін болады.
Түркияның Германиядағы өкілетті елшісі Хүсейін Авни Карслыоғлу елшілікте ұйымдастырылған баспасөз жиналысында Германияда алғашқы туры 31 шілде мен 3 тамыз арасында болатын президент сайлауы туралы мәлімет берді.
Карслыоғлу Германияның 7 аймағындағы сайлау участоктарында 500 жәшік қойылатынын, шамамен 1 миллион 900 мың адамның дауыс беруін күтіп отырғандарын білдірді.
Елші сондай-ақ Германияда бірінші туры 31 шілде-3 тамыз, екінші туры 17-20 тамыз арасында болатын президент сайлауы үшін Берлин, Ганновер, Дюссельдорф, Франкфурт, Гессен және Мюних қалаларында сайлау участоктарын құруға шешім қабылдағандарын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар