Сириядағы қақтығыстар толастамай жатыр

Асад күштері Ракка қаласындағы ИЛИМ ұйымының штаб пәтерін бомбалады

108021
Сириядағы қақтығыстар толастамай жатыр

Асад күштерінің ел көлемінде әкімшілікке қарсы күштерге құрлық пен әуеден ұйымдастырған операцияларында араларында әйел мен балаларда бар 100-ден астам адам қаза тапты.
Сирия жойғыш ұшақтары бір жылдан астам бір уақыттан бері Ирак-Левант ислам мемлекеті экстремистік ұйымы ИЛИМ мүшелерінің бақылауындағы Ракка қаласында кейбір аймақтарды нысанаға алды.
Жойылған нысаналар арасында ИЛИМ ұйымының штаб пәтері де бар екені атап көрсетілді. Шабуылда 12 адам қаза тапты.
Елдің шығысындағы Дейр-уз зор қаласында тәуелсіз Сирия армиясына қарасты жасақтар Ирак-Левант Ислам мемлекеті ұйымы мүшелері арасында кейде қақтығыстар шыққаны білдірілді.
Басқа жағынан Сирия жойғыш ұшақтары Ливан шекарасындағы Туфейл аймағын бомбалады.
Сириядағы соғыстан қашқандар өмір сүрген аймаққа жасалған шабуылда 7 адам қаза тапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар