Иракта қақтығыстар жалғасуда

Керкүкте жанкешті шабуыл жасалды

107774
Иракта қақтығыстар жалғасуда

Керкүкте бомбалы жанкешті жасалған шабуылда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 4 адам қаза тапты, 15 адам жараланды.
Мосулда болса ИЛИМ ұйымы мүшелерінің жолға орналастырған миналарының жарылуы нәтижесінде 1 пешмерге қаза тапты, 4 пешмерге жараланды.
Қалада ассириялықтар жиі өмір сүрген аймаққа ИЛИм мүшелері мина атарлармен шабуылдады.
8 пешмерге жараланған шабуылдың артынан мыңдаған ассириялық Эрбилге қаша бастады.
ИЛИМ-нің Ирак пен аймағына төндірген қауіпті бағаландыру үшін Шығанақ мемлекеттеріне зиярат жасаған Ұлыбритания Қорғаныс министрі Филип Хаммонд Ирактағы дағдарыс үшін саяси бір шешім жолы табудың міндетті екенін атап көрсетті.
Хаммонд елінің Ирактағы дағдарыстың шешімі үшін әскери операция жоспарламағандарын да білдірді.
Аймақтағы жаңалықтардың Ұлыбритания мен Шығанақ мемлекеттерін алаңдатқанын атап айтқан Хаммонд «Ирактың тұрақтылығы үшін елдің сүннит, шиіт және күрттер арасында бөлшектенуіне рұқсат бермей, болашақта да бірлік ынтымақтастық ішінде өмір сүруін тілейміз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар