АҚШ жіберген әскери мамандар Иракқа қоныстанды

Иракқа жіберілген АҚШ-тық мамандардың алғашқы тобы аймаққа ұласты

106368
АҚШ жіберген әскери мамандар Иракқа қоныстанды

АҚШ Қорғаныс министрлігі 130 әскери маманның Иракта қоныстанғанын мәлімдеді.
Пентагон мәлімдемешісі Джон Көрби 40 адамнан тұратын арнайы 2 операция тобының алдын ала аймаққа қоныстанғанын білдірді.
Көрби 90 әскери маманның мұның алдында Иракқа барғаны және осылайша 130 адамның міндетті бастағанын жариялады.
Мәлімдемеші алдағы уақытта 50 адамнан тұратын топтың әлі Бағдатқа ұласатынын атап көрсетті.
Иракқа барған топтың құрамында арнайы операция тобы, барлау қызметкері мен компьютер мамандары бар екені білдірілді.
Иракта Ирак-Левант ислам мемлекетіне бағытталған барлау жұмыстарының артқанын білдірген Пентагон мәлімдемешісі күніне 30-35 рет барлау ұшақтары арқылы ақпарат жиналғанын атап көрсетті.
АҚШ президенті Барак Обама Ирак қауіпсіздік күштеріне қолдау беру мақсатты 300 шақты әскери маманның аймаққа жіберілетінін жариялаған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар