Бельгиядағы түріктердің табыстары

Федерациялық мәжіліске 6 түрік депутат кірді

101218
Бельгиядағы түріктердің табыстары

Түрік жұмыс күші көшінің 50-жылдығы тойланған Бельгияда түрік саясатшылар сайлауларда жеңіске жетті.
25 мамырда өткен сайлаулардан кейін Бельгия Федерациялық мәжілісіндегі түрік депуттаттардың саны екі есе өсіп, 6-ға жетті.
Ұзақ уақыттан бері Брюссель аймақтық үкіметінде министр болып қызмет атқарған Бельгиядағы тұңғыш түрік қала әкімі Эмир Кыр сайлаудың нәтижесін түрік қауымының қиялдарының жүзеге асуы ретінде сипаттады.
Бельгияның түріктерден шыққан 2 сенаторының бірі болып табылатын Фатма Пехливан болса түрік қауымының сайлауларда бұрынғыдан да белсенді рөл ойнауына назар аударды.
Өткен кезеңде Фламанд парламентінде депутат болып қызмет атқарған Вели Йүксел де түрік диаспорасының проблемаларын шешуге сөз бергендерін еске салды.
Федерациялық мәжілісте ант ішіп, қызметіне бастаған басқа түрік депутаттар мыналар: Фламанд Жасылдардан – Мәриәм Алмажы, Жаңа Фламанд одағынан – Зухал Демир және Валлон социалистік партиясынан - Өзлем Өзен.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар