Иракта қақтығыстар жалғасуда

Сепаратистердің Бағдатқа жылжуы тоқтатылды

97837
Иракта қақтығыстар жалғасуда

Иракта армия мен ИЛИМ сепаратистері арасындағы қақтығыстар жалғасуда.
Ирак армияға тиесілі соғыс ұшақтарының Дияланы бомбалағаны және көптеген ИЛИМ әскері өлтірілгенін білдірді.
Телафердің толықтай ИЛИМ әскерлерінің қолына өткені туралы хабарды жоққа шығарған Ирак террористердің екі жоғары лауазымды адамын тұтқынға алғанын хабарлады.
Бұрынғы депуттаттардың біреуі «Телафер кешеден бері қарсылық көрсетіп жатыр. Толықтай ИЛИМ-нің қолына өткен жоқ» -деді.
Қаланы Ирак армиясы ұшақтарының бомбалап жатқаны білдірілді.
Көптеген қала тұрғыны да қаза тапқан қақтығыстарда ИЛИМ сепаратистерінен де көптеген адамның өлгені туралы хабарлар бар.
Телафердегі қақтығыстарда террористерге қарсылық көрсетіп жатқан түрікмендердің ішінде әйелдер де бар.
ИЛИМ-нің Бағдатқа қарай жылжуы тоқтатылғаны туралы мәліметтер беріліп жатыр.
АҚШ қорғаныс министрлігі спикері Джон Кирби Венада Американ және Ирандық жауаптылар арасында аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету талқылануы мүмкін екенін, бірақ мұның әскери әріптестік мағынасына келмейтінін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар