Сириядағы соңғы операцияларда 76 адам қаза тапты

Асад күштерінің операциялары үздіксіз жалғасуда

96546
Сириядағы соңғы операцияларда 76 адам қаза тапты

Сирияда Асадқа қарасты армия жасақтарының оппозиционерлердің бақылауындағы аймақтарға ауыр қарулармен жасаған шабуылында 76 адамның қаза тапқаны білдірілді.
Сирия Адам құқықтары ұйымы жасаған мәлімдемеде режим күштерінің оппозицияның қолындағы жерлерге құрлық пен әуеден ауыр қарулармен жасаған шабуылдары нәтижесінде Астана Дамасктың шет аумақтарында 22, Халепте 20, Идлибте 12, Дерада 12, Хамада 7 және Хомуста 3 барлығы 76 адамның қаза тапқаны білдірілді.
Сирия ресми хабар агенттігі САНА болса армияның елдің солтүстік батысындағы Лазкийеге қарасты Кесеб ауданының бақылауын қолға алғаны және аймақта шыққан қақтығыстарда көптеген қарулы адамның әлсіз күйге келтірілгені атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар