АҚШ түрік Бас консулдығына жасалған шабуылды айыптады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Давутоғлуна телефон шалды

92071
АҚШ түрік Бас консулдығына жасалған шабуылды айыптады

Америка Құрама Штаттары «Ирак және Левант ислам мемлекеті» экстремисттік тобының Түркияның Мосул Бас консулдығына жасаған шабуылын ең қатаң түрде айыптағанын білдірді.
Ақ үй әкімшілігі мәлімдемешісі Джош Эрнест террор ұйымының Түркияның Бас консулдығы жасаған басқынды айыптағандарын атап айтты.
«Ирак және Левант ислам мемлекеті» экстремисттік тобы тарапынан кепілдікке алынған консулдық мүшелері мен қауіпсіздік қызметкерлерінің дереу еркін жіберілуін талап еткен Эрнест «Түркия және Ирак үкіметімен байланысымыз жалғасады және кезкелген бір жәрдемге де дайынбыз» деді.
Сыртқы істер министрінің мәлімдемешісі Джен Псаки болса, Мемлекеттік хатшы Джон Керридің түрік әріптесі Ахмет Давутоғлуна телефон шалғанын атап, екі министрдің «Мосулда бұзыла бастаған қауіпсіздік тәртібі жағдайы мен Ирак және Левант ислам мемлекеті экстремисттік тобы мүшелерінің Түркияның Мосул консулдығына ұйымдастырған басқыны жайлы ортақ уайымдарды» тілге тиек еткенін білдірді.
Шабуылды ең қатаң түрде айыптағандарын атап көрсеткен Псаки «Түркияның кепілдікке алынған дипломатиялық қызметкерлерінің дереу босатылуы тақырыбында Түркия мен халықаралық қоғамның шақыруларына қосыламыз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар