Брюссель Аймақтық парламентке 4 түрік депутат сайланды

Түрік текті депутаттар ант ішіп міндеттерін бастады

90125
Брюссель Аймақтық парламентке 4 түрік депутат сайланды

Еуропа Одағының астанасы Брюссельдің келешегі жайлы 4 түрік текті депутат бағыт беретін болады.
25 мамырда жүзеге асқан сайлауда Брюссель Аймақтық парламентіне сайланған түрік депутаттар кеше парламент жалпы отырысында өткен ант ішу мерәсімінің артынан міндетін бастады.
2009 жылы ең жас және жалғыз бас орамалды депутат болып Брюссель парламентіне сайланған Махинур Өздемир екінші рет сайланғаны үшін қуанышты екенін білдірді.
Түрік текті депутаттар Шевкет Темиз, Хасан Койунджу және Эмине Өзкара болса түрік қоғамының өздеріне жүктеген міндетті мойындап түрік қоғамының мәселелерін шешу үшін күш жұмсайтындарын білдірді.
Фламан және Валлония парламенттеріне қоса федералдық құрылымдағы Бельгияның 3 аймақ парламентінің бірі ретінде Брюссель парламентінде 89 депутат қызмет атқарады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар