Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздер жалғасуда

2014 жылдың 20 шілде күніне дейін келісімге келуі керек тақырыптар қолға алынды.

89262
Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздер жалғасуда

Иранның ядролық бағдарламасына орай Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздер жалғасуда.
Кеше басталған келіссөзді Иран делегациясы атынан Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчы, Америка делегациясы атынан Америка мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернс жүргізуде.
Кешегі бес сағаттық кездесуде Иран мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі және Германия арасында 2013 жылғы 24 қараша күні қол қойылған уақытша келісімдегі баптар қолға алынды.
Осы аяда 2014 жылдың 20 шілде күніне дейін келісімге келуі керек тақырыптар қолға алынды.
Қараша айындағы келісім аясында Иран ядролық жұмыстарын шектегендіктен осы елге жүргізілген санкциялар жеңілдетілген болатын.
Иран мен 5+1 елдері арасындағы келіссөздің бесінші туры болса 16 маусымында басталады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар