Бразиляда шерушілерге полиция қарсылық берді

Метро қызметкерлерінің жұмыс тастау акциялары жалғасуда

89173
Бразиляда шерушілерге полиция қарсылық берді

Әлем кубогіне қонақжайлық жасайтын Бразилияның Сан-Паулу қаласында метро жұмысшыларының жұмыс тастау акциясы 5 күннен бері жалғасуда.
Акцияға қолдау үшін шеруге шыққандарға полиция қарсылық берді.
Метро қызметкерлерінің акциясына қолдау беру үшін жиналған шамамен 150 адамға полиция көз ашқызбады.
Шерушілерді тарқату үшін полиция көз жасаурататын газ қолданды.
Метро жұмысшылары кәсіподағы үкіметтің шамамен 9 пайыздық еңбек ақыларын арттыру ұсынысын қабылдамаған осы көрсеткіштің ең кемінде 12 пайыз болуын талап еткен болатын.
Басқа жағынан Іс соты Әлем кубогы матчтарына қонақжайлық жасайтын қалалардан Сан-Паулуда мемлекеттік қызмет берудің тоқтатылғаны себепті Метро қызметкерлері кәсіподағына 175 мың доллар жаза төлеуіне шешім қабылдады.
Сот акциялар жалғасқан жағдайда күніне 222 мың доллар жазаның жалғастырылатынына да үкім шығарды.
Метро жұмысшылары кәсіподағы жұмыс тастау акциясын жалғастыруда табанды екендерін жариялады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар