Ауғанстандағы сел апатында қаза тапқандар саны артуда

Ауғанстанның Бағлан уәлаятында 38 ауылды сел суы басты

86621
Ауғанстандағы сел апатында қаза тапқандар саны артуда

Ауғанстанның солтүстігіндегі Бағлан уәлаятындағы қарқынды жауын себеп болған сел апатында қаза тапқандар саны 70-тен асты.
800-ден астам үй қираған апатта қаза тапқандар санының арту ықтималы жоғары.
Солтүстіктегі Бағлан уәлаятындағы қарқынды жаңбыр себеп болға селде 38 ауыл су астында қалды.
Тұрғын аймақтарынан өткен өзенде мәйіттердің жүзгені, лай қабатының астында да мәйіттер бар екенін атап көрсетілді.
Аймақта жүздеген адам із-түссіз жоғалды.
Халық лай қабатының астынан құтқара алған заттарын жинауға тырысады.
Лауазымдылар үйлердің қирағанын ауыз суы табылмағанын, халыққа көрпе мен азық-түлік жәрдемі жеткізуге күш жұмсағандарын білдірді.
Апат аймағының маңындағы бір ауылда да өткен айдағы сел апаты мен лай көшкінінде 300 адам қаза тапқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар