Владимир Путин Петро Порошенкомен кездесті

Ресей президенті Порошенконың «тың жоспары» бар екенін айтты.

85775
Владимир Путин Петро Порошенкомен кездесті


Путин Порошенконың беталысын болымды деп қарайтынын білдірді.
Ресей президенті Владимир Путин Украинаның жаңа сайланған президенті Петро Порошенконың еліндегі оқиғаларды тоқтатуға бағытталған бейімін «болымды деп қарайтынын» айтты.
Екінші Дүниежүзілік соғысты аяқтатқан Нормандия соғысының 70 жылдығы іс-шаралары ұйымдастырылған қаласында тілшілердің сұрағына жауап берген Путин Порошенкомен кездесуіне байланысты мәлімет берді.
Путин «Порошенконың Украинада аққан қанды тоқтату үшін бір жоспары бар. Алайда жоспарының не екенін менен емес, одан сұраңыздар. Маған екі ауыз сөзбен түсіндірді, алайда мұны Францияда жариялау басқаша, өз елінде жариялау басқаша бір жұмыс» деді.
Порошенконың жоспарын «дұрыс» деп қарайтынын білдірген Путин Порошенконың жасаған шаралары пайдалы болса, Ресей мен Украина арасында экономиканы қамтыған басқа салалардағы ынтымақтастықтың жетілдірілуі үшін қажетті шарттардың қалыптасатынын атап өтті.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар