АҚШ-тан Палестинаға қолдау

Вашингтон әкімшілігі жаңа әкімшілікпен жұмыс істегісі келетінін мәлімдеді.

80662
АҚШ-тан Палестинаға қолдау

Америка Құрама Штаттарынан Палестинада құрылған ұлттық бірлік үкіметіне бірінші реакция келді.
Вашингтон әкімшілігі жаңа әкімшілікпен жұмыс істегісі келетінін мәлімдеді.
АҚШ сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Джен Псаки Хамас және Әл Фатх келісіп құрған үкіметпен жұмыс істеуге ниетті екендерін айтты.
Мәлімдемеші жаңа үкіметтің Палестина басшысы Махмут Аббас білдірген принциптерді ұстанғанына сену үшін істерін бақылайтындарын атап көрсетті.
Псаки Вашингтонның ұлттық бірлік үкіметіне көмек беруді жалғастыратынын, алайда жаңа үкіметтің істеріне қарай өзгеріс болуы мүмкін екенін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар