Испанияда наразылық

Халық үйлерін құлатуға қарсы шықты.

79549
Испанияда наразылық

Испанияның Барселона қаласында заңсыз үйлерді құлату наразылықтарға жол ашты.
Аптаның басынан бері жалғасып келе жатқан ереуілдерге аптаның аяғында көп адам қосылды.
Қала ортасындағы наразылықта шамамен 3 мың адам жиналды.
Негізгі наразылық шеруінен кейін көшеде қалған кішігірім топтар қоқыс жәшіктерін өртеді. Төңіректегі ғимараттарға да шабуылдады. Қақтығыстарда қамауға алынған адам саны 60-тан асты.
Наразылық шерулеріне байланысты Барселона қаласына төңіректегі қалалардан қосымша 300 полиция қызметкері жіберілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар