Мысырда президенттік сайлаудың екінші күн

Алғашқы қорытындылар Түркия уақытымен кешкі 9-дан кейін жариялана бастайды.

74626
Мысырда президенттік сайлаудың екінші күн

Мысырда президенттік сайлаудың екінші күні.
Елде 3 шілде күні әскери төңкерістен кейін ұйымдастырылған президенттік сайлауда дауыс беру бүгін аяқталады.
Сайлауда көптеген үміткердің сайлауға кіруіне кедергі жасалды. Енді төңкеріспен билікке келген генерал Абдулфеттах Әс Сисидің алдында жалғыз қарсылас – журналист, саясат қайраткері Хамдих Сабахи.
Алғашқы қорытындылар Түркия уақытымен кешкі 9-дан кейін жариялана бастайды. Сабахидің даусының 10 пайыздан төмен болатыны болжалып отыр.
Сайлаудың бірінші күні дауыс қолдану көрсеткішінің төмен болғаны, көптеген жерлерде 30 пайыздан аз екені білдірілді.
Азаматтардың дауыс беруін ынталандыру үшін ел көлемінде ресми мекемелерде демалыс жарияланды.
Сайлау комиссиясы сайлаушылар дауыс берген үміткерлердің есімдерінің қасына қолдап жазу жазса да, өтімді деп қабылданатынын хабарлады. Сайлауда қауіпсіздік шаралары арттырылды.
Осы арада Каир қаласында Сисидің сайлау акциясында жұмыс істейтін бір адам түнде жолда өлтірілді.
Каир және Александрияда төңкеріске қарсы азаматтар шеру ұйымдастырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар