Еуропа парламенті сайлауы аяқталды

Сайлау 28 мемлекетте 4 күнге жалғасты

73856
Еуропа парламенті сайлауы аяқталды

Еуропа парламенті сайлауы 4 күнге жалғасқан марафон соңында 28 Еуропа Одағы мемлекетінде жүзеге асты.
Еуропа Одағы кеше Франция мен Ұлыбританиядағы «радикал оңшыл және Еуроодаққа қарсылардың» зілзаласымен шайқалды.
400 миллион тұрғыны бар Еуропаға қатысты сайлауда сандыққа барған халық «интеграция баяулау керек» деген көзқарас білдірді.
Көзқарасын ең қатаң түрде көрсеткен ел болса Марин Ле Пен басшылық жасаған радикал оңшылдар нақты жеңіске жеткен Франция болды.
25 пайыз дауыс жинаған Ұлттық майдан партиясы басшысы Ле Пен сайлау қорытындысын «Француз халқының енді сырттан басқарылғысы келмейді» деп пайымдады.
Ұлыбританияда болса Еуропа Одағына қарсы «Тәуелсіздік партиясы» жеңісін жариялады.
Партияның басшысы Найджел Фарадж «мен тек қана Англияның Еуроодақтан шегінуін қаламаймын, Еуропаның бір тұтас ретінде Одақтан шығуын қалаймын» деді.
Радикал оңшыл және Еуропа Одағына қарсы партиялар Дания, Австрия, Италия, Венгрия және Грекияда да сайлаудан күш жинап шықты.
Радикал оңшыл партиялардың Еуропа парламентінде топтасуына нақты көзбен қаралса, парламентте ең көп дауыс жинаған алғашқы 4 партия маңызды мөлшерде дауыс пен орындықтан айырылды.
Дауыс беруші 43 пайыз қосылған сайлаушылар тағы өкініш туғызды. Сандыққа ең аз барған ел 13 пайызбен Словакия болса, екінші кезекте 19 пайызбен Чехия Республикасы келеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар