Ақүйде үлкен жанжал

ЦРУ-дің тыңшысы әшкерелініп қалды

74086
Ақүйде үлкен жанжал

АҚШ президенті Барак Обаманың Ауғанстанға ресми емес сапары кезінде Ақүй аса үлкен қате жасады.
Обамамен бірге Ауғанстандағы жиынға қатысатын есімдердің баспасөзге білдірілген тізімінде байқамай ЦРУ-дің Ауғанстаннан жауапты адамының аты жазылды.
Тізімде Chief of Station деген лауазыммен берілген бұл есім АҚШ-тың шетелдегі өкілдіктерінде ЦРУ-дің ең жауапты қызметкері үшін қолданылады. Қатені кейін байқаған жауаптылар екінші тізім жіберіп бірінші тізімді назарға алмау керектігін білдірді. Бірақ 15 адамдық тізім журналисттерге электронды пошта арқылы жіберілген болатын. Осылайша Ақүйдің тізіміндегі 6000 қолданушы бұл мәліметтен хабардар болды.
Американдық жауаптылардың өтінішіне орай бұл есімді хабарда бере алмаймыз. Бұл жанжалдан кейін ЦРУ-дің бұл тыңшыны ауыстырып, ауыстырмайтыны белгісіз. Бірақ жүздеген американ тыңшысы қызмет атқаратын Ауғанстанда есімі әшкереленіп қалған адамның құпия операцияларына да қауіп төнетіні білдірілді.
Өткен жылы да осыған ұқсас оқиға болған Пәкістанда ЦРУ тыңшысы қастандық қоқан-лоқылары алған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар