Украина әскерлері Краматорскге шабуыл жасады

Әскерлер баррикадаларды бұзып қаланы қоршауға алды

69934
Украина әскерлері Краматорскге шабуыл жасады

Кикілжің бір түрлі бітпей тұрған Украинаның шығысында үкімет әскерлері Краматорск пен Славянск қалашықтарына шабуыл жасады.
Краматорскнің кіреберісінде Ресейшіл сепаратистер құрған баррикадаларды жыққан және қаланы қоршауға алған Украина әскерлері Славянскда қарулы қақтығыстан кейін кері шегінді.
Славянскда зеңбірек снаряды түскен табиғи газ құбырында жарылыс болып, өрт шықты. Ал Донецкте бақылау толықтай Ресейшілдердің қолында.
Донецктегі орыстар 25 мамырда болатын президент сайлауына бойкот жариялайтындарын мәлімдеді. Қақтығыстар алаңдатып отырған украиндар Донецктен кетуге әзірленіп жатыр.
Кремль Ресей президенті Владимир Путиннің Украина шекарасында әскери жаттығу жасап жатқан әскерлерінің кері қайтуына бұйрық бергенін білдірді.
НАТО бас хатшысы Расмуссен мен Американ қорғаныс министрлігі болса орыс әскерлерінің кері шегінбегенін мәлімдеді.
Ресей президенті Владимир Путин мен Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысы Пан Ки мун Украина дағдарысын Шанхай қаласында талқылайтын болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар