Еуропа Кеңесі төрағасы Херман Ван Ромпëй Украинада

Ромпëй Украинада президент уәкілі және Мәжіліс төрағасы Турчиновпен бас қосты

66923
Еуропа Кеңесі төрағасы Херман Ван Ромпëй Украинада

Украина президент уәкілі және Мәжіліс төрағасы Александр Турчиновпен бас қосқан Ромпëй Еуропаның Украинада қайта тұрақтылық орнату үшін қажетті барлық шараның қолданылатынын атап, сондай-ақ ЕО мен Украина арасында 1.6 миллиард евролық қаржы жәрдемімен байланысты келісімнің күн тәртібінде екенін тілге тиек етті.
Турчинов болса үкіметтің Ресейдің бастамаларына қарамастан тұрақтылықты қамтамасыз етуге күш жұмсағанын атап, уақыт өткен сайын елдің шығысындағы террор қаупінің толығымен жойылатынын білдірді.
Ромпëй байланыстары аясында сондай-ақ премьер-министр Арсений Яценюкпен де бас қосты.
Келіссөздердің артынан өткізілген баспасөз жиналысында сөз алған Яценюк Ресей мен Украинаның дағдарыспен байланысты келіссөздерінің тек қана Еуропа Одағының және АҚШ пен Ресейдің қатысуы мүмкін екенін айтты.
ЕО-ның Украинаның шекара тұтастығы мен жеріне қол сұғылмаушылық, егемендігі және тәуелсіздігіне қолдау бергенін түсіндірген Ромпëй өткізілген жасанды референдумнің заңсыз және сенімсіз екенін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар