14 елден 120 депутаттың қолтаңбасы

Депутаттар «Израильдің Газа эмбаргосын жою үшін Еуропа кампаниясына» қатысты.

66289
14 елден 120 депутаттың қолтаңбасы

14 елден 120 депутаттың қолтаңбасы
Депутаттар «Израильдің Газа эмбаргосын жою үшін Еуропа кампаниясына» қатысты.
Еуропа-Жерорта теңізі Адам құқықтары ұйымы Газа филиалы төрағасы Рами Абдух Израильдің Газаға жүргізілген эмбаргосын доғару мақсатымен басталған қолтаңба кампаниясына Еуропадан 120 депутаттың қатысқанын білдірді. Осы депутаттар арасында Ұлыбритания, Бельгия, Франция және Ирландиядан депутаттар бар.
Абдух қолтаңбалардың Еуропа комиссиясы, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Пан Ги Мун мен Еуропа Одағы сыртқы істер министрлеріне жолданатынын айтты.
2006 жылы Хамас сайлаудан жеңіп шығып, билікке келгеннен кейін Газаны «жаудың жері» деп жариялаған, аймақты әуеден, құрлықтан және теңізден қоршауға алған Израиль 2007 жылы маусым айында 4 шекара қақпасын жауып тастаған болатын. Израиль эмбаргосынан кейін 2013 жылғы 3 шілде күнгі әскери төңкерістен кейін Мысыр әкімшілігінің де Рефах қақпасын да жауып тастауы және туннельдерді құлатуы 1 миллион 800 мың палестиналықтың экономикалық қиыншылықтармен бетпе-бет қалуына себеп болды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар