Хомста халық үйлеріне қайта бастады

Қалада электр де, су да жоқ

65580
Хомста халық үйлеріне қайта бастады

Сириядағы Хомс қаласының «ескі қала» деп аталатын бөлігіне соңғы екі жылда алғаш рет жүздеген тұрғын қайтып оралды. Бұған дейін үкімет пен көтерілісшілер арасында жүргізілген келіссөздерге сәйкес, билікке қарулы қарсылық танытып жатқан күштер Хомсты тастап шыққан. Көтерілісшілер мінген автокөліктердің соңы 9 мамыр күні қаладан кеткен соң, олардың орнына келген үкімет әскері бұл аймақта миналар және өзге де жарылғыш заттардың бар-жоғын тексерді. Соңғы екі жыл бойы Хомс қаласы Сирия президенті Башар Асад режиміне қарсы көтеріліс ошақтарының бірі болып келген еді.
Қалада электр мен су болмағандықтан халыққа Сирия жәрдем ұйымдары тарапынан шырақ және басқа аса қажетті жабдықтар таратылды. Хамидие ауданында көптеген үйлер мен жұмыс орындарының қолданыла алмайтын дәрежеде екені байқалды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар