ТАЯУ ШЫҒЫСТА БЕЙБІТШІЛІК КЕЛІССӨЗ ҚАЙТАДАН БАСТАЛА МА?

Махмут Аббас Сьюзан Райспен кездесті.

64793
ТАЯУ ШЫҒЫСТА БЕЙБІТШІЛІК КЕЛІССӨЗ ҚАЙТАДАН БАСТАЛА МА?

Таяу Шығыста бейбітшілік келіссөз қайтадан бастала ма?
Махмут Аббас Сьюзан Райспен кездесті.
Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббастың АҚШ Ақүй Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Сьюзан Райсқа Израильмен бейбітшілік келіссөзін қайтадан бастауды қабылдайтынын білдіргені хабарланды. Хабарға қарағанда Аббастың кейбір шарттары бар.
Кездесу Аббастың Рамаллахтағы резиденциясында өтті. Райсқа айтылған шарттар Израиль түрмелеріндегі палестиналық тұтқындардың қалған төртінші тобының босатылуы, Батыс Шерия мен Иерусалимде еврей елді мекен құрылыстарының үш бойы тоқтатылуы және бастапқыда шекара мәселелерін қолға алу болып табылады.
Аббас сонымен бірге 1967 жылғы шекарада және астанасы Шығыс Иерусалим болатын бір Палестина мемлекетін құру тақырыбында саяси шешімді қолдайтынын тілге тиек етті.
Райстың ұсыныс беріп бермегені жөнінде дерек жоқ.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар