Үлкен сегіздік саммиті Ресейсіз өтеді

Саммит 5-6 мамыр күндері болады.

62285
Үлкен сегіздік саммиті Ресейсіз өтеді

Ресей қатыспайтын алғашқы Үлкен сегіздік саммиті 5-6 мамыр күндерінде өтеді.
Украина және Қырым дағдарысына байланысты Ресейді қатыстырмаған Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, АҚШ, Канада және Жапония Үлкен жетілік ретінде Римде бас қосады.
Мамандар энергия министрлері қатысатын жиналыста Еуропа Одағының Ресейге энергия тәуелділігінің азайтылуының салмақты тақырып болатынын айтып отыр.
Ресей әлемнің дамыған сегіз елінен тұратын осы топқа 1998 жылы қосылған болатын. Гаагада 24 наурыз күні бас қосқан Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, АҚШ, Канада және Жапония басшылары Қырымның Ресейге қосылуына орай осы елді топтан шығарып, маусым айында Сочиде өтуі керек саммиттің Брюссельде ұйымдастырылуына шешім берген еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар