Сербияда жаңа үкімет құрылды
Александр Вучичтің 16 министрден тұратын жаңа кабинеті мәжілісте қабылданды
Сербияда жаңа үкіметті құру үшін Серб Ілгерілеу партиясы төрағасы Александр Вучичтің 16 министрден тұратын жаңа кабинеті мәжілісте қабылданды.
Вучичтің тізімі 228 депутаттың 198-і тарапынан қабылданды. 250 депутаттан тұратын Сербия мәжілісіндегі дауысқа салуға 228 депутат қатысқан болатын.
Премьер-министр Вучичтің ант ішу рәсіміне президент Томислав Николич те қатысты. Вучич елді әділетті түрде басқаратынына уәде берді.
Жаңа үкіметті Сербия социалистік партиясы төрағасы Ивица Дачич Сыртқы істер министрі, босниялық Сербия социал демократ партиясы төрағасы Расим Лиаич те Сауда, телекоммуникация және туризм министрлігіне қайтадан тағайындалды.
Сербияда 17 наурызда өткен ерте сайлауда Александр Вучич басқарған Серб Ілгерілеу партиясы жеңіп шыққан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Газа секторында қаза тапқандар саны 36 мың 586-ға жетті
Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады.
БҰҰ-нан Газа секторында аштық пен өлім ескертуі
Газа секторында 1 миллионнан астам адам аштық пен өлімге тап болады деп күтілуде.