Қырғыз президенті Тәжікстанда

Жапаров Рахманмен кездесті.

1666880
Қырғыз президенті Тәжікстанда

 Сәуір айында Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған қақтығыстан кейін екі елдің басшылары алғаш рет бас қосты.

Қырғызстан президенттігінің баспасөз орталығы жасаған мәлімдемеге сәйкес, президент Садыр Жапаров ресми сапармен Тәжікстанның астанасы Душанбеге барып, президент Имамали Рахманмен кездесті.

Рахман Жапаровты Душанбедегі Ұлттық сарайда ресми салтанатпен қарсы алды. Артынан  екі лидер оңаша кездесу өткізді.

Рахман Тәжікстан Жапаровтың елге ресми сапарына үлкен мән беретінін мәлімдеді.

«Тәжікстан мен Қырғызстан көпжақты сындарлы келіссөз жүргізуге дайын» деді ол.

Тәжікстан президентіне шақырғаны үшін алғыс білдіре отырып Жапаров осы жылдың 28-30 сәуірінде болған қайғылы оқиғаларға қиналғанын білдірді. «28-30 сәуір екі елдің халқы үшін сынақ пен азаптың қиын тарихи күні болды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар