Қырғызстан Бүкіләлемдік Көшпенділер ойынына дайындалуда

Түркілердің ұлттық спорт ойындарын насихаттауды мақсат еткен организация Ыстықкөл маңында болады.

102674
Қырғызстан Бүкіләлемдік Көшпенділер ойынына дайындалуда

Түркілердің ұлттық спорт ойындарын насихаттауды мақсат еткен организация үшін көптеген елден спортшылар Ыстықкөл маңына жиналады.


Қырғызстан түркі халықтарының ұлттық спорт түрлерін дамыту және насихаттауды мақсат еткен ойындардың біріншісіне мекен болады. 8-14 қыркүйек күндері арасында болатын ойын өтетін Шолпан Ата қаласында ипподром құрылысы, инфрақұрылым, беташар және жабылу рәсімдеріне дайындықтар бар қарқынымен жалғасып жатыр.


Қырғызстан Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік агенттігі спорттық ойындардың түрлері, киімдері, ережелеріне байланысты көріністі материалдарды дайындады. Қырғыз, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалған осы материалдар спортшыларға жолданды.


Ойынға Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Әзірбайжан, Моңғолстан, Қытай және Ресей Федерациясынан спортшылар келеді.


Бүкіләлемдік Көшпенділер ойындарында көкпар, қырғыз күресі, алыс, аударыспақ, ат жарыс, жорға шабыс, қыз қуу, құнан шабыс, тоғыз құмалақ сайыстары өткізіледі.


Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесіне (Түрік кеңесі) мүше Қырғызстан, Қазақстан, Түркия және Әзірбайжан мемлекет басшыларының 2012 жылғы Бішкектегі саммитінде аталмыш ойынның өткізілуіне шешім берілген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар