Түркияға гуманитарлық көмекті "Қазақстан темір жолы" жеткізеді

Қазақстан арқылы жедел жеткізілім Президент Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.

1973852
Түркияға гуманитарлық көмекті "Қазақстан темір жолы" жеткізеді

 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Қытайдан Түркияға жөнелтілген гуманитарлық жүкті пойызбен жеткізеді.

Қазақстан арқылы жедел жеткізілім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.

Пойыз Қазақстан аумағынан рекордтық 90 сағатта өтіп, жүк Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Түркияға жеткізіледі.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жер сілкінісінен зардап шеккен халықтың уақытша паналауы үшін алдымен шатырлар жөнелтіліп, Түркияға 200 контейнер гуманитарлық жүк жеткізілетінін хабарлады.

Компанияның жүк пойызы қызметі арқылы Қытайдан Грузия порттарына жеткізу мерзімі 18 күнге және түрік порттарына 25 күнге дейін қысқарды.

Қазақстан аумағы арқылы жүк Каспий теңізінің жағалауындағы Ақтау портына, одан әрі Әзербайжан мен Грузия арқылы Түркияға жөнелтіледі.



Ұқсас жаңалықтар