Нұр-Сұлтанда «Automechanika Astana» жәрмеңкесі өтіп жатыр
Жәрмеңкеде түрік фирмалары өнімдерін ұсынып, жаңа бастамалар жасады.
Қазақстанда автомобиль өнеркәсібі саласындағы халықаралық жәрмеңке келушілерге есігін айқара ашты.
Жәрмеңкеде түрік фирмалары қазақстандық мекеме және ұйымдарға өнімдерін ұсынып, жаңа бастамалар жасады.
Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанда халықаралық «Automechanika Astana» жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Жәрмеңке Орталық Азиядағы автомобиль өнеркәсібі үшін желілер құру және жаңа шешімдерді іздеу үшін маңызды алаң ретінде белгілі.
Биыл Улудаг түрік автомобиль экспорттаушылар қауымдастығы жобаға алғаш рет қатысты. Қауымдастық стендтерінде Түркияның жетекші өндірістік компанияларының, олардың дистрибьюторларының және автомобиль экспорттаушылардың қызметі таныстырылды.
Жәрмеңкеге Түркия, Ресей, Германия, Венгрия, Оңтүстік Корея, Англия, Қытай және басқа да елдердің өнімдері қойылды.
Жәрмеңкеде түрік фирмалары Орталық Азиядағы жұмыс әлемінің өкілдерімен бірге өз өнімдерін көрсетті.
Жәрмеңке 25 маусымға дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
Әлиев пен Жапаров Ағдам қаласына барды
Басшылар Хыдырлы ауылында Қырғызстан тарапынан салынатын мектептің іргетасын қалады.