Қазақстанда халық өзгерісті қолдап дауыс берді

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы референдумның алдын ала қорытындысын жария етті.

1838077
Қазақстанда халық өзгерісті қолдап дауыс берді

Қазакстанда алдын-ала нәтижелерге сәйкес, қолданыстағы Конституцияның үштен біріне өзгерту енгізу туралы референдумда халық өзгерісті қолдады.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдумның алдын ала қорытындысын жария етті.

Оның берген мәліметінше референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. «Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 986 293 немесе референдумға қатысушы азаматтар санының 68,06 пайызын құрады. Референдумға қатысуға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқандардың 77,18 пайызын құрады. Ал бұл 6 163 863 адам. Бұл 17 өңірдің әрқайсысында абсолютті көпшілікті құрап отыр. Осылайша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кемінде үштен екісінде қолдау қажеттігі туралы Конституциялық заң талабы сақталды. Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың жалпы саны дауыс беруге қатысқандардың 18,66 пайызы немесе 1 490 475 адамды құраған” деді Әбдіров.



Ұқсас жаңалықтар