Тоқаев Модиге жеделхат жолдады

Президент Үндістанның қазіргі ауыр сынақтан сүрінбей өтіп, елінің орнықты дамуына және одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.

1634238
Тоқаев Модиге жеделхат жолдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Модиге жеделхат жолдады.

Жеделхатта президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанда COVID-19 індетінің қатты өршуіне байланысты қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде Қазақстан халқы және жеке өзі үнді елінің қайғы-қасіретіне ортақ екенін жеткізген. Мемлекет басшысы коронавирустың шекараға бағынбайтынын, бүкіл әлемге таралып, адамдарға көптеп жұғып жатқанын қынжыла атап өтті. Ол індеттен қайтыс болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, дертке шалдыққандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге Үндістанның қазіргі ауыр сынақтан сүрінбей өтіп, елінің орнықты дамуына және одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді.


 



Ұқсас жаңалықтар