Қазақстанның отандық вакцинасы халыққа егіледі

Отандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы өндірілді.

1626604
Қазақстанның отандық вакцинасы халыққа егіледі

Қазақстанда коронавирусқа қарсы жетілдірілген отандық QazVac вакцинасы 26 сәуірден бастап халыққа егіле бастайды.

Бұл туралы премьер-министрлік хабарлады.  Елдің оңтүстігіндегі Жамбыл облысындағы Қазақ Биологиялық қауіпсіздік зерттеу институты шаңырағында отандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы өндірілді. Қазақ ғалымдар жетілдірген, клиникалық зерттеулерде қауіпсіздігі дәлелденген отандық вакцина енді азаматтарға салынады.

Отандық вакцинаның алғашқы дозасының аймақтарға жөнелтілуін бақылаған вице-премьер Ералы Тоғжанов «Қазақстан ковид-19-ға қарсы өзі вакцинасын жетілдірген алғашқы бес ел қатарына енді» деді. Тоғжанов отандық вакцинаның Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгенін айтты.

 «Вакцинаның қауіпсіздігі дәлелденді. Инактивті вакцинаның ең үлкен артықшылығы вакцинаға байланысты ауруларға себеп болмайды» деді ол.

 

Қазақстан вакцинасының енді халықаралық стандарт сертификатын алуы қажет. Тоғжанов осы мақсатты түріктің «Атабай» компаниясымен ынтымақтастық жасайтындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар