Түрік іскерлер Астанада ауызашарда бас қосты

Қазақстан-Түркия іскерлер ұйымы KATİAD-қа мүше іскерлер ауызашарға қатысты.

65044
Түрік іскерлер Астанада ауызашарда бас қосты

Астанадағы ауызашарға Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшісі Өмер Бурхан Түзел, KATİAD төрағасы орынбасары Мүждат Гүлер мен KATİAD бас хатшысы Ахмет Аляз да қатысты.


Осында сөз сөйлеген өкілетті және төтенше елші Түзел KATİAD-тың Қазақстанда түрік іскерлерінің шаңырағы екенін атап көрсетті. Түзел Түркия елшілігінің Қазақстан органдарымен сауда қатынастары деңгейіндегі байланыстарының жылдамдауында осы ұйымның ықпалының зор екенін айтты.


Түзел KATİAD мықты болса, өкілетті елші ретінде өзін де мықты сезінетінін атап көрсетті. Сонымен бірге Қазақстанда жұмыс істейтін іскерлерді ұйымға мүше болуға шақырды.


KATİAD-тың орталығы қазір Алматыда. Қазақстан көлемінде жеткілікті санға жеткен кезде Астанаға да кеңсе ашылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар