Түркияның ақсерке балығы экспорты  артты

Шығыс Қаратеңізден ақсерке балығы экспортынан түскен кіріс қаңтар-ақпан кезеңінде 19 миллион 45 мың 787 долларға жетті.

2111373
Түркияның ақсерке балығы экспорты  артты

Шығыс Қаратеңізден ақсерке балығы экспортынан түскен кіріс қаңтар-ақпан кезеңінде 24 пайыз артып, 19 миллион 45 мың 787 долларға жетті.

Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гүрдоған аймақтан 11 елге 3 мың 778 тонна ақсеркен балығының экспортталғанын айтты.

Осы экспорттан 19 миллион 45 мың 787 доллар кіріс түсіргенін баяндаған Гүрдоған экспорттың өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда сан жағынан 74 пайыз, құндық жағынан 24 пайыз өскенін білдірді.

Гүрдоған Ресей Федерациясының аймақтың экспортында көшбасшы екенін айтып, «Жылдың 2 айында өңірімізден 11 елге ақсерке балығы сатылды. Ресей Федерациясы 11 миллион 41 мың 202 доллар экспорт үлесімен бірінші орында. Ресей Федерациясынан кейін 5 миллион 201 мың 837 доллармен Вьетнам екінші орын және 2 миллион 51 мың 191 доллармен Жапония үшінші орын иеледі» деді.



Ұқсас жаңалықтар