Түркияның экспорты қаңтар айында артты

Түркия Статистика мекемесі  және Сауда министрлігімен бірлесіп дайындалған қаңтар айының уақытша сыртқы сауда деректері жарияланды.

2108754
Түркияның экспорты қаңтар айында артты

Түркияның экспорты қаңтар айында өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 3,5 пайыз артып 19 миллиард 991 миллион долларға жетті. Импорт болса  22 пайызға азайып 26 миллиард 218 миллион долларға тіркелді.

Түркия Статистика мекемесі  және Сауда министрлігімен бірлесіп дайындалған қаңтар айының уақытша сыртқы сауда деректері жарияланды.

Осыған сәйкес, жалпы сауда жүйесі аясында экспорт қаңтар айында өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 3,5 пайызға артып, 19 миллиард 991 миллион долларға жетті, ал импорт 22 пайызға азайып 26 миллиард 218 миллион доллар болды.

Сыртқы сауда тапшылығы қаңтар айында өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 56,4 пайыз азайып, 6 миллиард 227 миллион долларға түсті.

Қаңтар айында Германия экспортта 1 миллиард 762 миллион доллармен елдер арасында бірінші орында болды.

Бұл елден кейін 1 миллиард 224 миллион доллармен Америка Құрама Штаттары, 1 миллиард 97 миллион доллармен Ирак, 1 миллиард 22 миллион доллармен Ұлыбритания және 999 миллион доллармен Италия болды.

Аталмыш айда алғашқы 5 елге жасалған экспорт жалпы экспорттың 30,5 пайызын құрады.



Ұқсас жаңалықтар