Туризм саласында Сауд Арабиясына көмектесе аламыз

Шимшек Стамбулда өткен Түркия-Сауд Арабиясы инвестиция және бизнес форумында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

2103168
Туризм саласында Сауд Арабиясына көмектесе аламыз

Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек Түркияның Сауд Арабиясының туризм саласындағы мақсаттарына жетуіне көмектесе алатынын айтты.

Шимшек Стамбулда өткен Түркия-Сауд Арабиясы инвестиция және бизнес форумында журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сауд Арабиясының өте мықты туризм мақсаттары бар екенін айтқан Шимшек Түркияның құрылыс секторында орасан зор тәжірибесі бар екеніне назар аударды.

Мехмет Шимшек «Біз Сауд Арабиясында нысандар құрылысы мен базаларды басқаруға үлес қоса аламыз. Сондай-ақ туроператорларымыз турист жеткізуге көмектеседі» деді.

Министр Шимшек Түркияның туризмде әлемде алғашқы бестікте екеніне тоқталды. «Біздің 2023 жылғы көрсеткіштеріміз анық. Әлемдік көрсеткіштер белгілі болған кезде біз үшінші немесе төртінші орында болуымыз мүмкін. Сондықтан Түркияның бұл тұрғыда өте үлкен тәжірибесі бар» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар