750 мың 114 көлікті кері шақырды

Көліктердің қауіпсіздік жастығында ақау бар көрінеді.

2099218
750 мың 114 көлікті кері шақырды

Жапониядағы «Honda» автокөлік өндірушісі Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) 750 мың 114 көлікті кері шақырды.

Көліктердің қауіпсіздік жастығында ақау бар көрінеді.

АҚШ Ұлттық құрлық жол қауіпсіздігі басқармасының хабарламасында аталмыш шешімнің 2020 және 2022 жылдары өндірілген кейбір «Honda Accord», «Pilot» және «Civic» модельдері мен  2020 және 2021 жылдары арасында өндірілген кейбір «Honda CR-V» және  «Passport» көліктерін қамтитыны білдірілді.

Осы шешімге сай 750 мың 114 көлік қауіпсіздік жастығындағы ақауға орай зауытқа кері шақырылды.

АҚШ-тағы «General Motors” көліктерінің де багаш қақпағындағы ақау салдарынан кері шақырылғаны хабарланды.  Осы компания 323 мың 232 көлікті кері шақырды.

Кері шақыру шешімі «Chevrolet Silverado» 2500, 3500, «GMC Sierra 2500» ve 3500 модельдерін қамтиды.



Ұқсас жаңалықтар