Орталық банктің төрайымы отставкаға кетті

Түркия Республикасы Орталық банк төрайымы Хафизе Гайе Эркан отставкаға кетті.

2097000
Орталық банктің төрайымы отставкаға кетті
fatih karahan.jpg
Hafize Gaye Erkan.jpg

Өзінің жеке әлеуметтік желідегі аккаунтынан 2023 жылдың 8 маусым күнінен бері Орталық банк төрағасы қызметін атқарып келе жатқанын еске салған Эркан «Президенттен бірінші күннен бері абыроймен атқарған міндетінен кешіріммен босатуын сұрадым» деді.

Түркия Республикасы Орталық Банкі (ТРОБ) төрағасы ретінде орын басар қызметін атқаратын Фатих Карахан тағайындалды.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Фатих Караханды төраға болып тағайындау туралы жарлығы ресми газетте жарияланды.

Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек мәлімдемесінде экономикалық бағдарламаның үздіксіз және табанды түрде жалғасатынын мәлімдеді.

Хафиз Гайе Эркан қабылдаған шешімнің толығымен жеке және өз қалауы екенін атап көрсеткен Шимшек «Ұжым ретінде біз күшті ынтымақтастық және үйлестіру арқылы баға тұрақтылығы нысанамызға нық қадамдар басуды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар