Өткен жылы Түркияның экспорты өсті

Түркияның экспорты өткен жылы құны жағынан ең көп өскен ел Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) болды.

2089278
Өткен жылы Түркияның экспорты өсті

Түркия экспортшылар мәжілісінің деректеріне қарағанда, Түркияның экспорты өткен жылы құндық жағынан ең көп өскен елдер арасында БАӘ 2 миллиард 269 миллион доллармен көш бастады.

БАӘ-ден кейін  ретімен 1 миллиард 776 миллион доллармен Ресей Федерациясы, 1 миллиард 325 миллион доллармен Сауд Арабиясы, 889 миллион доллармен Франция және 606 миллион доллармен Алжир тұр.

Өткен жылы БАӘ 5 миллиард 915 миллион доллармен Түркияның ең көп экспорт жасаған 11-ші ел болды.

Түркия 2023 жылы ең көп экспорттаған елдер: 18 миллиард 462 миллион доллармен Германия, 12 миллиард 197 миллион доллармен АҚШ, 11 миллиард 444 миллион доллармен Ұлыбритания, 11 миллиард 200 миллион доллармен Италия және 9 миллиард 755 миллион доллармен Ирак.



Ұқсас жаңалықтар