Түркияға келген турист саны өсті
Мехмет Нури Ерсой биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Түркияға келген турист санының 45,2 миллионнан асқанын мәлімдеді.

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Түркияға келген турист санының 45,2 миллионнан асқанын мәлімдеді.
Ерсой Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Жоспар және бюджет комиссиясында министрліктің 2024 жылға арналған бюджетін таныстыруда Түркияның бүкіл әлем қабылдаған туризм елі екенін және туризмдегі табысқа жетудің алғашқы қадамының таныстыру болғанын айтты.
Өткен жылы Түркияға 51,4 миллион адам келгенін еске салған Ерсой: «2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізге келген турист саны 45,2 миллионнан асты. Адам санының көбеюіне байланысты туризмнен түсетін кіріс те өсуде. 2022 жылы жан басына шаққандағы табыс 89 долларға, ал 2023 жылдың алғашқы 9 айында 100 долларға дейін өсті. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 55 пайызлан. Туристік кірісіміз алғашқы 9 айда 42 миллиард долларды құрады және бұл Орта мерзімді жоспардағы 55,6 миллиард долларға сәйкес келеді» деді.
Ұқсас жаңалықтар

Косово-Түркия сауда және инвестиция форумы Приштинада өтті
Ллуллзим Рафуна Түркия Республикасының барлық мекемелеріне және түрік халқына алғыс айтты.