ЕО  Грекияға 2 миллиард 250 миллион еуро қолдау береді

Урсула фон дер Ляйен Грекияға жиыны 2 миллиард 250 миллион еуро көлемінде қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

2036427
ЕО  Грекияға 2 миллиард 250 миллион еуро қолдау береді

Еуропа Одағы (ЕО) табиғи апаттарға байланысты Грекияға 2 миллиард 250 миллион еуроға дейін қолдау көрсетеді.

Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен Францияның Страсбург қаласында Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакиспен бірге Еуропарламент Бас ассамблеясының сессияларына қатысты. Урсула фон дер Ляйен бұл жерде  бірлескен баспасөз мәслихатында сөйледі.

Грекиядағы өрттің елде бұрын-соңды болмаған ең жойқын апат екенін және одан кейінгі су тасқынынан елдің үлкен бөлігі зардап шеккенін түсіндірген Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың грек халқының жанында болатынын айтты.

Фон дер Ляйен Мицотакиспен елге келтірілген шығынды қалпына келтіруге қажетті қаражат туралы кездесу өткізгендерін және ЕО комиссиясының көмекті жеткізуде жылдам әрекет ететініне уәде берді.

ЕО комиссиясының төрайымы Фон дер Ляйен Грекияға жиыны 2 миллиард 250 миллион еуро көлемінде қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар