Түрік қорғаныс өнеркәсібі Еуропада таныстырылады
Түрік қорғаныс өнеркәсібі әлемнің түкпір-түкпіріндегі экспорттық табыстарын Еуропаға жеткізу үшін жаңа қадам басады.

Түрік қорғаныс өнеркәсібі 30 шақты компаниямен Ұлыбритания бас қаласы Лондондағы Халықаралық Қорғаныс және қауіпсіздік құралдары көрмесіне (DSEI 2023) қатысады.
Түрік қорғаныс өнеркәсібі әлемнің түкпір-түкпіріндегі экспорттық табыстарын Еуропаға жеткізу үшін жаңа қадамдар басады.
«Интеграциялық күшке жету» деген тақырыпта 12-15 қыркүйек күндері арасында өтетін көрмеде әуе, құрлық, теңіз, кибер және электромагнетикалық істер және ғарышта қалыптасқан оперативтік алаңдар арасында интеграция мүмкіндіктері баса айтылады. Үкіметтер, қарулы күштер және индустрия өкілдері бас қосатын шараға әлемнің көптеген елінен қамтушылар да қатысады.
Түрік қорғаныс өнеркәсібі компаниялары да Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының үйлестіруімен көрмеге қатысады.
Көрмеде түріктің 30 компаниясы өнімдері мен қабілеттерін таныстырады.
Ұқсас жаңалықтар

Түркияға сегіз айда 36 миллион 754 мың 146 турист келді
Түркия жылдың 8 айында 36 миллион 754 мың 146 туристті қабылдады.

Түркияның шай экспорты артты
Түркиядан қаңтар-тамыз айларында шай экспорты 18 миллион 493 мың долларға жетті.