Түркиядан тұрғын үй сатып алған шетелдік саны артты

Шетелдіктерге тұрғын үй сатуда бірінші орындағы Ресей Федерациясының азаматтарына сатылған тұрғын үй саны 44.4 пайыздық артумен  5 мың 723-ке жетті.

2004753
Түркиядан тұрғын үй сатып алған шетелдік саны артты

Түркияда қаңтар-мамыр кезеңінде шетелдіктердің баспана сатып алу тізімінде орыстар көшбасшылығын жалғастырды.

Түркия Статистика мекемесінің үй сату статистикасынан жасалған мәліметтерге қарағанда қаңтар-мамыр айларында ең көп үй сатылған облыс Анталия боды,  екінші орынды Стамбул, үшінші орынды Мерсин иеледі. Одан кейінгі орындарда Анкара, Бурса және Ялова тіркелді.

Аталған кезеңде ең көп тұрғын үй инвестициясын ресейліктер салды. Ресей Федерациясының азаматтарына сатылған тұрғын үй саны 44.4 пайыздық артумен  5 мың 723-ке жетті.

Украина азаматтары 770 тұрғын үймен инвестиция салуды жалғастырды. Өткен жылы 6-шы орында тұрған украиндықтар алғашқы 5 айда 4-орынға көтерілді.

Осы кезеңде ирандықтар 2 мың 324 үй, Ирак азаматтары 809, қазақстандықтар 605, Германия азаматтары 564, кувейттіктер 373, Қытай азаматтары 364, Әзербайжан азаматтары 336, АҚШ азаматтары 297 тұрғын үй сатып алды.

Түркиядан баспана сатып алған елдер тізімінде әрқашан алғашқы төрттікте болған Сауд Арабиясы азаматтары екі ел арасындағы қарым-қатынастардағы шиеленістің салдарынан 2020 жылы 17-ші орынға шегінді, ал 2021 жылы тізімге кірмей қалды. 

Елдер арасындағы жақындасудан кейін 2022 жылы қайта тізімге енгізілген Сауд Арабиясы төлқұжаты бар адамдардың Түркиядан сатып алған тұрғын үй саны алғашқы 5 айда 79.4 пайыздық артумен 296-ға жетті. Ұзақ уақыттан кейін тізімге қайта кірген Сауд Арабиясы азаматтары жылдың қалған айларында 11-ші орынға көтерілгені байқалды.



Ұқсас жаңалықтар