ТӘЖ «Еуропаның үздік әуе компаниясы» атанды

"Skytrax" марапаттау сауалнамасында 100-ден астам елдің азаматтарына өкілдік ететін 20 миллион 230 мың жауап бағаланып, жеңімпаздар 325 авиакомпанияның арасынан анықталды.

2002216
ТӘЖ «Еуропаның үздік әуе компаниясы» атанды

Түрік Әуе Жолдары халықаралық әуе көлігі рейтинг агенттігі "Skytrax" тарапынан сегізінші рет «Еуропаның үздік әуе компаниясы» марапатына ие болды.

Түрік Әуе Жолдары баспасөз қызметінің мәлімдемесіне қарағанда ағылшын, француз, испан, орыс, жапон және қытай тілдерінде жүргізілген 2022-2023 жылдар аралығында "Skytrax" марапаттау сауалнамасында 100-ден астам елдің азаматтарына өкілдік ететін 20 миллион 230 мың жауап бағаланып, жеңімпаздар 325 авиакомпанияның арасынан анықталды.

Сауалнама нәтижелері Франциядағы Париж Әуе және ғарыш мұражайында өткен шарада жарияланды.

Түрік Әуе Жолдары «Еуропаның үздік әуе компаниясы» болып таңдалды.

«Әлемнің үздік бизнес-кластағы қоғамдық тамақтандыру қызметі», «Әлемнің үздік экономмка сыныбындағы қоғамдық тамақтандыру қызметі», «Оңтүстік Еуропаның үздік әуе компаниясы» және «Еуропаның үздік экономикалық қызмет орындығы» жүлделеріне лайықты деп қаралды.

Мәлімдемеде пікірлері бар Түрік Әуе Жолдарының Бас директоры Билал Екши дәл осындай марапатты сегізінші рет алуды мақтан тұтатындарын айтты.

Билал Екши:

«Біз барлық салаларда қызмет көрсету түсінігімізді жетілдіре береміз және қонақтарымызды ең жақсы түрде қабылдауды жалғастырамыз» деді.

"Skytrax" Бас атқарушы директоры Эдвард Пластед:

«Бұл жыл Түрік Әуе Жолдары үшін марапаттар бойынша тамаша жыл болды және Еуропадағы ең үздік әуе компаниясы ретіндегі бірінші жүлдені сегізінші рет жеңіп алу - бұл таңғажайып жетістік. Үздік бизнес-кластағы тамақтандыру және үздік экономикалық-кластағы қоғамдық тамақтандыру марапаттары Түрік Әуе Жолдарының жолаушылары арасында неліктен соншалықты танымал болғанын көрсетеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар