Түркияға 10,2 миллиард текше метр табиғи газ тасымалданады

Елшісі Решад Мамедов "TANAP" жобасының Каспий теңізін Түркиямен байланыстырғанын тілге тиек етті.

1998127
Түркияға 10,2 миллиард текше метр табиғи газ тасымалданады

Әзербайжанның Түркиядағы елшісі Решад Мамедов биылғы жылы Транс-Анадолы табиғи газ құбырынан (TANAP) Түркияға 10,2 миллиард текше метр табиғи газдың тасымалданатынын атап көрсетті.

Мамедов Анадолу агенттігіне берген сұхбатында Әзербайжаннан Түркия мен Еуропаға табиғи газ тасымалдау үшін салынған және 2018 жылы 12 маусым күні жұмысын бастаған «TANAP»-тың Баку-Тбилиси-Эрзурум табиғи газ құбыр желісімен біріктіру арқылы Каспий теңізін Түркиямен байланыстырғанын тілге тиек етті.

Мамедов жобаның Түркияның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, Әзербайжан газын шетелге сатуға мүмкіндік беретінін айтты.

«TANAP» іске қосылғаннан бері Түркияға 22, Еуропаға 24, барлығы 46 миллиард текше метр газ тасымалданғанын атап көрсеткен Мамедов «Жаңа көрсеткіштерге қарасақ, көлемнің айтарлықтай өскенін көреміз. Биыл «TANAP» арқылы Түркияға 10,2 миллиард текше метр және Еуропаға 12 миллиард текше метр, барлығы 22,2 миллиард текше метр табиғи газ экспортталады деп болжалуда. «TANAP» арқылы алдағы жылдары қазір 16 миллиард текше метр болған табиғи газды екі есеге жеткізу жоспарлануда. Бұл Түркияның «табиғи газ орталығына» айналуына айтарлықтай үлес қосады» деді.



Ұқсас жаңалықтар