Түрік экономикасы 3.2 пайыз өседі

Дүниежүзілік банк рапортында түрік экономикасының биылғы жылы 3.2 пайыз, келесі жылы 4.3 пайыз және 2025 жылы 4.1 пайыз өсуі межеленгені білдірілді.

1996214
Түрік экономикасы 3.2 пайыз өседі

Дүниежүзілік банк түрік экономикасының өсу болжамын 3.2 пайызға көтерді.

Дүниежүзілік банк өзінің Жаһандық экономикалық перспективалар рапортының маусым айындағы санын жариялады.

Рапортта түрік экономикасының биылғы жылы 3.2 пайыз, келесі жылы 4.3 пайыз және 2025 жылы 4.1 пайыз өсуі межеленгені білдірілді.

Дүниежүзілік банк қаңтар айында жариялаған болжамдарында түрік экономикасының 2023 жылы 2.7 пайыз, 2024 жылы 4 пайыз өсетінін межелеген болатын.

Түркияның ақпан айының басында екі үлкен жер сілкінісімен шайқалғанын еске салған рапортта Түркияның Еуропа мен Орталық Азия аймағының өсуіне елеулі үлес қосуын жалғастырып жатқаны және экономикасының 2023 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты болғаны баса көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар