Аккую атом электр станциясы өте маңызды

Фатих Дөнмез Twitter-дегі жазбасында Аккую атом электр станциясының құрылысының кезең-кезеңімен аяқталғанын айтты.

1994651
Аккую атом электр станциясы өте маңызды

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Аккую атом электр станциясының бірінші қуат блогының ішкі қорғаныс қабығының күмбезінің бетоны құйылғанын мәлімдеді.

Дөнмез Twitter-дегі жазбасында Аккую атом электр станциясының құрылысының кезең-кезеңімен аяқталғанын айтты.

Министр Дөнмез былай деді «Бірінші блоктың ішкі қорғаныс қабығының күмбезінің бетоны құйылды. Реактор ғимаратын нығыздайтын бұл процесспен тағы бір маңызды қадам басты. Аккую атом электр станциясы Түрік ғасырының келесі буын энергиясы болмақ» деген сөздер қолданды.

Түркия мен Ресей арасында 2010 жылы 12 мамырда қол қойылған үкіметаралық келісім аясында Мерсиннің Гүлнар ауданының Бүйүкежели аймағында салынып жатқан Аккую атом электр станциясы Түркияның ең үлкен инвестициясы болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар