Айдынның Кушадасы ауданына 4 круиздік кеме келді

Круиздік кемемен келген туристер Измирдің Селчук ауданындағы Ефес көне қаласы мен Мариям Ананың үйін аралады, қалған туристер Кушадасы орталығында сауда жасады.

1982718
Айдынның Кушадасы ауданына 4 круиздік кеме келді
kusadasi kruvaziyer.jpg
kusadasi kruvaziyer.jpg

Круиздік туризмнің маңызды орталықтарының бірі Айдынның Кушадасы ауданына 4 круиздік кемемен 8200 турист келді.

Панама жалауы бар «MSC Splendia», Норвегия жалауы бар «Viking Star», Багама жалауы бар «S.S Voyager» және Палау жалауы бар «Aida Blu» круиздік кемелері Эгей Порт Кушадасы кемежайына келді.

Кемелерден түскен 8 мың 200 туристтің бір бөлігі Измирдің Селчук ауданындағы Ефес көне қаласы мен Мариям Ананың үйін аралады, қалған туристер Кушадасы орталығында сауда жасады.

Осы айда портқа 80 круиздік кемнің келуі межеленуде.

Кушадасы Эгей Порт кемежайы Эфес көне қаласы мен Мәриям Ананың үйіне жақын болғандықтан Жерорта теңізі мен Эгейдегі круиздік кемелерді ең көп қабылдайтын порттардың бірі болып табылады.

Туризм мамандары маусымда белсенді кезең басталғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар